Журналистерге арналған сим-карта шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Журналистерге арналған сим-карта шықты

Журналистерге арналған сим-карта шықты

Сим-карта арқылы жасырын сөйлесуге мүмкіндік бар. Арадағы әңгімені де, жазысқан хаттарды да ешкім тыңдап, көре алмайды.

  • 26 Қазан 2018
  • 22
Фото - Caravan.kz

Англиялықтар ешкім тыңдай алмайтын, иесіне қауіпсіз сим-карта шығарды, деп жазады altaynews.kz.

Brass Horn Communications деп аталатын стартап жобасының шығарған сим-картасы арқылы жасырын сөйлесуге мүмкіндік бар. Арадағы әңгімені де, жазысқан хаттарды да ешкім тыңдап, көре алмайды.

Бұл жобаның негізін қалаған Гарет Левелин сим-картаны саудағы шығарып қана қоймай, мұқым Англияны қамтығысы, тіпті шет елдерге шығарғысы келеді.

“Ең әуелі ерекше сим-картаны журналистер, информаторлар және басқа да өмірі қауіп-қатерге толы мамандық иелері ұстаса”, дейді өнертапқыш.


Айта кетейік, бұл жоба TOR технологиясының арқасында іске асқан. Ал аталмыш технология Android-тың базасында жуықта ғана пайда болды.