Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Синоптиктер 1-3 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті.

  • 31 Қазан 2018
  • 18
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы  "Қазгидромет"-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері бұлтты және жауын-шашынды ауа райы болады.

"Күздің соңғы айы Қазақстанның барлық аумағында жауын-шашынмен және күннің суытуымен басталады. Алдағы екі тәулікте солтүстік және орталық облыстарда жауын-шашын және температураның төмендеуін тудырған суық атмосфералық фронт оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс облыстардағы ауа райына ықпал етеді. Мұнда жауын-шашын, әсіресе қар, таулы және тау бөктері аудандарында қатты қар, тұман, көктай-ғақ және температураның төмендеуі күтіледі. Ал республиканың солтүстік бөлігіне алдымен жылы, содан кейін Баренц теңізі аудандарынан арктикалық суық фронт жылжи бастайды", — деді  "Қазгидромет" өкілдері. Тек республиканың батыс облыстары антициклон аясында болады, сондықтан мұнда жауын-шашынсыз және ауа температурасы шамалы көтеріледі.