"Жол-көлік оқиғасы кезінде "Лексус" автокөлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушысы көз жұмды. Қайтыс болғандардың үшеуі – Өзбекстан азаматы. Тағы бір жолаушы Ресей азаматы ауыр жарақатпен аудандық аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілді", — дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова.
Оның мәліметінше, жол-көлік оқиғасына байланысты Қылмыстық Кодекстің 345-бабы ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"МАЗ" жүк көлігінің жүргізушісі, Қызылорда облысының тұрғыны қамауға алынып, жол бойына шығып кеткен жылқының иесі іздестірілуде. Оқиға бойынша бірнеше сараптама тағайындалған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, полиция қызметкерлері оқиға орнында тексеру жұмыстарын жалғастыруда.