Алматы метросы жұмыс кестесін өзгертті - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы метросы жұмыс кестесін өзгертті

Алматы метросы жұмыс кестесін өзгертті

Алматы метросы пойыздардың жүру уақытын сағат 00.00-ге дейін ұзартады.

  • 6 Қараша 2018
  • 23
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі "Метрополитен" КМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Компаниядағылардың айтуынша, жолаушылардың өтініштеріне байланысты 12 қарашадан бастап алматылық метрополитен сағат 06.20-дан 00.00-ге дейін жұмыс істейді.

"Біздің мақсатымыз — мегаполис тұрғындарына метромен жүру үшін барынша қолайлы жағдай жасау. Келесі жылдан бастап платформалар мен станциялардың касса залдарында келесі пойыздың қай уақытта келетіні көрсетілетін ақпараттық дисплейлер пайда болады", — деп хабарлады "Метрополитен" компаниясының баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, 24 қазанда Алматы метросына сегіз пойызды жеткізу туралы келісімшартқа қол қойылғаны айтылады. Айтуларынша, 32 вагоннан, әрқайсысында төрт вагоннан болатын сегіз жылжымалы пойыз жеткізіледі.


 

Соңғы жаңалықтар