Семейдегі балабақшада менингит дерті тарады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейдегі балабақшада менингит дерті тарады

Семейдегі балабақшада менингит дерті тарады

Семейдегі балабақшалардың бірінде үш бала менингит жұқтырса да, карантин жарияланған жоқ.

  • 6 Қараша 2018
  • 15
Фото - Caravan.kz

Семейде "Жұлдыз-Ардақ" балабақшасының басшылығы үш баланың менингит жұқтырғанына қарамастан карантин жариялаған жоқ. 

Мектепалды даярлық мекемесінің үш тәрбиеленушісінде менингит диагнозы расталса, тағы үш балақай тексеруден өтіп жатыр. Олар да менингит жұқтырған болуы мүмкін.

Бастапқыда екі баланың дертке шалдыққаны анықталғанда балабақша басшылығы "Жүзім" атты бір топта ғана карантин жариялайды — 26 қазаннан 12 қарашаға дейін, бірақ кейін басқа бір топта оқитын тағы бір бала "менингококк жұқпасымен" ауруханаға жатады.

Балабақша тәрбиеленушілерінің арасында дерттің таралауына ата-аналар басшылықтың дұрыс шаралар қолданбауын айыптап отыр. Балалардың басқа жерде менингит жұқтыруы мүмкін емес, дейді ата-аналар.

"Қызым 28 қазанда балабақшадағы мерекелік шараға қатысты. Содан соң ауырып қалды. Ыстығы көтеріліп, құса бастады. Кейін буындары ауырып, бірнеше сағаттан соң аяғы қызарып кетті", — дейді "Құралай" тобындағы қыздың анасы Қорлан.

1 қарашада бүлдіршіннің жұлынынан пункция алып, менингит деген диагноз қояды. Баланың ата-анасы айтқандай, қызы адам көп жиналған жерде болмаған, қоғамдық көлікке де отырмапты. Олардың пікірінше, жұқпалы дертке балабақшада өзге топтағы балалармен бірге мерекелік шараға қатысқанда ғана шалдығуы мүмкін.


Бірақ мектепке дейінгі білім беру мекемесінің басшылығы жұқпалы дерттің таралуына кінәлі емеспіз деп отыр. "Жұлдыз-Ардақ" балабақшасының методисі Маржан Оразғалиқызының айтуынша, жергілікті СЭС топтардың бірінде карантин жариялаған. Екінші рет менингит диагнозы қойылған кезде қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ешқандай қаулы шығармағандықтан, шаралар кесте бойынша өткізіліпті. Оның үстіне балабақша әкімшілігі өз бетімен карантин жариялай алмайды, ондай құзыреті жоқ.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы осы жайтқа қатысты әлі ешқандай түсініктеме бермеді.