Биыл Астанада 55 жылы аялдама ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл Астанада 55 жылы аялдама ашылады

Биыл Астанада 55 жылы аялдама ашылады

Астанада өткен жылы да бірқатар жылы аяладама ашылған еді. Биыл тағы 55-і қолданысқа беріледі.

  • 11 Қараша 2018
  • 14
Фото - Caravan.kz

Жаңа аялдамалар салынуын салынғанмен, әлі пайдалануға берілген жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Астаналықтар үшін жылы аялдамалар керек-ақ. Бірақ қаланың кейбір орталық көшелері болмаса, мұндай орындар әзірге некен-саяқ. Жалпы бары — 27.

Биыл тағы 55-і ашылады. Құны да арзан емес. Құрылыс жұмыстары, құрал-жабдықтар бағасы, оны орнатуды есепке алғанда — 12 млн теңге. Қазіргі уақытта павильондарды белгілі бір мекеменің қарамағына беру жұмыстары жүріп жатыр.

«Бұл аялдамалар бүгінгі күнге жобалық-сметалық жобаларға байланысты электр қуатына қосылу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Электр қуатына қосылып, барлық қондырғыларды орнатқан соң, бұл аялдамалардың барлығы ашылып, халыққа қызмет көрсете бастайды», — дейді жолаушылар көлігі басқармасы жол жүру қауіпсіздігі бөлімінің басшысы Руслан Әбдуәлиев.

Бұл — «Ақылды қала» жобасын жүзеге асыруды бір бағыты. Жылы аялдамалар орталықтандырылған жүйе арқылы бейнебақылаумен қадағаланады. Құқық бұзған азаматтар көзге түсіп жатса, жақын жердегі ішкі істер бөліміне хабар беріледі.

Жоба жетекшілерінің айтуынша, бұл аялдамалардың жолаушылардың жайлылығы үшін барлық жағдай жасалған.


«Жаңа аялдамалардың артықшылығы көп. Барлығы «Ақылды қала» жүйесіне қосылған. Мәселен, ауа температурасы -10 градусқа төмендеген жағдайда жылу жүйесі автоматты түрде қосылады. Ал сынап бағанасы 20 градустан көтерілсе, желдеткіш жұмыс істей бастайды. Сағат түнгі бірден кейін жылу, жарық өшіріледі. Бұл тұрғылықты мекен жайы жоқ адамдардың аялдамаларды қонып шығатын орынға айналдырмас үшін де жасалды» , — дейді жоба жетекшісі Антон Быстримович.

Құрылысқа соққыға төзімді материалдар қолданылған. Бірақ соға берсе, бәрі сынады. Сондықтан тұрғындардың мәдениетті болғаны абзал.

Айта кетейік, бюджет қаражатына салынған 55 жылы аялдамадан бөлек, мемлекеттік және жекеменшік әріптестік есебінен тағы 10-ы қойылады. Жылы павильондар емхана, аурухана, мектептер, вокзал сияқты халық көп жүретін жерлерде орнатылып жатыр. Осы айдың 15-іне дейін қолданысқа берілмек.