Бұл туралы Lada.kz басылымына сілтеме жасаған Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Жарылыстың болу себебі үйге қосылған газ құбырынан болынды делінген. Дегенмен бойжеткен оның бәрі жалған екенін хабарлады.
"Үйдің астынан газдың құбыры табылып, труба тесілген. Қазір анам мен бауырым ес-түсісіз жатыр, оған қарамастан бізді кінәлап жатыр. Газдың трубасы тесіліп, содан үйіміздің тас талқаны шықты", — дейді бойжеткен.
Оған қоса жәбірленушілер жансақтау бөлімінде жатқанына қарамастан, үйдің тас талқаны шыққанына қарамастан Жаңаөзен қаласының шенеуніктері оларға ешқандай көмек көрсетпеген.
"Қазір анам мен бауырыма көмек керек. Біздің жағдайымызды сұрап әкім де, басқалары да келмеді. Телевидение шақырсақ, керісінше бізді айыптап отыр. Шенеуніктердің осылай дұрыстап қарамағанынан анам мен бауырым ес-түссіз жатыр", — деп күйінді бойжеткен.