«ЧЕРНАЯ ПЯТНИЦА» немесе «Қаралы жұма» - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«ЧЕРНАЯ ПЯТНИЦА» немесе «Қаралы жұма»

«ЧЕРНАЯ ПЯТНИЦА» немесе «Қаралы жұма»

"Черная пятница" термині қазіргі таңда "қаралы жұма" - деп аударылып жүр. Белгілі блогер әрі журналит Абдусамат Қасым «қаралы жұманы» «Бақытты жұма» сөзіне ауыстыруға ұсыныс тастады.

  • 26 Қараша 2018
  • 283
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы журналист Facebook желісіне жазды.

"Соңғы жылдарда еліміздегі гипермаркеттерде «черная пятница» термині жиі қолданылып жүргені белгілі. Жеңілдіктер күні болса да құлаққа өте ерсі естілетіндігі жасырын емес. Әсіресе, қазақ тілділерге. Өйткені, черная пятница сөзі — «қайғылы жұма», «сәтсіз жұма», «қаралы жұма» деген мағыналарды елестетеді. Бұл сөзді қолданып жүрген сауда орталықтарының, өздері тұрып жатқан қазақ елінің салт-санасы және әдет-ғұрыпымен санаспауының бір белгісі деп ойлаймын. Неге десеңіз,

Біріншіден — қазақ ұғымында «қара» сөзі – бақытсыздыққа, қайғы-қасыретке жорамалданады. Мысалы, «қара жамылу», «қаралы қағаз», «қаралы күн» т.б.

Екіншіден — қазақ халқы үшін жұма — қасиетті күн. Оған «черная» деген сөзді қосқан кезде, қасиеттілігін жоққа шығарғандай боламыз. Бұл – қателік деп ойлаймын.


Үшіншіден – Қазақстан республикасында орын тепкен халықтардың басым көпшілігі ұстанатын мұсылман дінінде «жұма күні» мұсылмандардың мейрамы болып саналады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Жұма – мұсылмандардың мейрамы» деп айтқан. Ал, енді «қара жұма» деу арқылы, ол күннің мейрам емес, керісінше қайғылы күн екендігін айтқысы келгендей.

Сол себепті, айту керек болып тұрса, «черная пятница» дегеннен гөрі, «счастливая пятница», яғни ҚУАНЫШТЫ жұма деген əлдеқайда дұрыс…" — деді журналист.