Бұл туралы Түсіпбаева “Айта берсін” бағдарламасында айтты.
“Жадыра ханым өзі не істерін білмей жүрген адам. Бастапқыда жақсы биші еді. Белі қылдай болатын. Кейін толып, белі екі есе жуандап кетті. Тұрмысқа шығып, ана атанған соң одан әрі тола бастады. Сондықтан дизайнер болды. Ол дипломы жоқ дизайнер. Кейін продюсерлікті қолға алды”, – дейді Түсіпбаева.
Әнші егер Жадыра ханым әншілікке бет бұрса, қандай күйде болатынын жасырмады.
“Ән айтатын болса, не айтарымды білмеймін. Қуанатын шығармын, өйткені біршама арықтайтын еді. Қазақ эстрадасында толық әншілер онсыз да көп қой”, – дейді әнші.
Айта кетейік, былтыр Түсіпбаева Жадыра ханымды доңызға теңеген болатын. Оның білімді сәнгер екеніне күмән келтірген еді.