Назарбаевтың жаңа көмекшісі туралы не білеміз? - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаевтың жаңа көмекшісі туралы не білеміз?

Назарбаевтың жаңа көмекшісі туралы не білеміз?

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын" - деп бұйрық берген болатын.

  • 30 Қараша 2018
  • 180
Фото - Caravan.kz

Ал Caravan.kz медиа порталы елбасының көмекшісі атанған Ерұлан Жамаубаевтың туралы барынша ақпарат іздеп көрді.

Ерұлан Жамаубаев 1974 жылы өмірге келген. 1995 жылы мемлекеттік басқару академиясын үздік аяқтап, 2009 жылы Рысқұлов атындағы экономикалық университетіндегі бизнес мектепте оқып, аяқтаған.

1996-1998 жылдары — мемлекеттік басқару академиясында мұғалім болып жұмыс атқарған.

1998-2006 жылдары — ұлттық банкте жетекші аналитик, бас аналитик, басқарма басшысы және Қазақстан ұлттық банкінің зерттеу және статистика департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарған.

2006-2008 жылдары — Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Үйлестіру департаментінің директоры.


2014-2015 жылдары — «Тұрғын үй жинақ банкі» АҚ басқарушы директоры.

2015 жылдың шілде айынан қараша айына дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

2015 жылдың қараша айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің басшысы болып қызмет атқарған.