Астанада бүлдіршін мысықпен ойнаймын деп 3 қабаттан құлап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада бүлдіршін мысықпен ойнаймын деп 3 қабаттан құлап кетті

Астанада бүлдіршін мысықпен ойнаймын деп 3 қабаттан құлап кетті

"Мысықты көремін деп" жазым бола жаздады.

  • 4 Желтоқсан 2018
  • 27
Фото - Caravan.kz

Астанада демалыс күндері өз үйінің подъездінде ойнап жүрген 5 жасар бүлдіршін 3-ші қабаттағы баспалдақтың сүйенішінен құлап кетті.

Абырой болғанда ойын баласы аман қалды. Оқыс жағдайдан әбден шошынып қалған ол, аяғы сынып, қазір ауруханада ем-дом қабылдап жатыр. Пайдалануға 3 жыл бұрын берілген үйдің тұрғындары кіреберістің баспалдақтары бала өміріне қауіпті екенін айтып бармаған жері қалмапты. Алайда, Пәтер иелері кооперативі оны өз қаржыларыңа жөндетіңдер деп ұсыныс айтқан көрінеді.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.     

Оқыс оқиға 189-шы көшеде орналасқан мына тұрғын үйде болған. Оның кіреберісінде ойнап жүрген бала төменде жүрген мысыққа қараймын деп, 3-ші қабаттағы баспалдақтан құлап кеткен. Сол сәт 1-ші қабаттағы бейнебақылау камерасына жазылып қалған. 

«Бір балалардан естідім. 3-ші этаждан ба 5-этаждан ба бір бала осылай ұшып келіп, құлап түсті» — дейді оқиға куәгері.

Болған оқиғадан барлығы хабардар. Тіпті, жұрт арасында түрлі алып-қашпа әңгімелер де тарап кеткен. Бірі бүлдіршін өзі секірмек болды десе, енді бірі оқиғаны жазатайым жағдайға балап отыр. Зардап шеккен баланың көршісі болса, оған құлап кетесің деп талай рет ескерткенін айтады. Мұндай жағдай түбі бір болатынын сездім, өйткені баспалдақ темірлерінің арасы тым алшақ, балалар өміріне қауіпті, — дейді. 

«Кішкентай баланың кінәсі жоқ енді. Білемін, мен. Бірақ, айтқан соң білмеймін енді қалай болып қалғанын. Ол балаға айттым мен, ұрсып та айттым, көрсеттім де құлап қаласың, — деп. Бір, екі рет. Енді, болған жағдай болды. Бұл баспалдаққа бірдеңе істеу қажет» — дейді қала тұрғыны Меңсұлу Копобаева.

Қазір 5 жасар Жандос балалар ауруханасында жатыр. Оны арнамызға эксклюзивті сұқбат берген бүлдіршіннің анасы мәлімдеді. Келіншек, өзі тұрып жатқан үйде баспалдақ жырын жауаптыларға талай рет айтыпты. Алайда, мәселеге құлақ асқан тірі жан болмапты. Ақыры міне, осындай жағдай болып отыр дейді ашынған ана.    

«Бірінші этажда мысық мияулағанын естіп, соны барып көремін деп, 3 этаждан төмен түсіп келе жатып, аяғы тайып периланың астынан бірінші этажға құлап кетеді. Содан сан сүйегі сынып, баламыздың, қазір больницада операция күтіп жатырмыз» — зардап шеккен баланың анасы Айсұлу Рахметова.



Алайда, кіреберіске жауапты Пәтер иелері кооперативінің мамандары барлығын тұрғындардың салғырттығына жауып отыр. Өйткені, көбісі алаңсыз ойнап жүрген балаларына назар аудармайды, — дейді. Ал, баспалдақ ұстағыштарының арасы тым алшақ екенін біледі екен. Әр подьезд тұрғындары қажетті соманы ортадан жинап, қосымша темір орнату қажет екенін ескертіпті.   

«Бала төменге қарай құламаған. Біздің ойымызша ол баспалдақ ұстағышына астына қараймын деп қолы тайып кеткен болуы мүмкін. Өйткені, біз оқиға түсірілген видеоны қарадық. 2-қабат пен 3-қабат арасында балалар ойнап жүрген. Сол кезде болған оқыс жағдай» — дейді Тұрғын үй кооперативінің төрағасы Бейімбет Әзімжанов.

Ойнап жүріп от баса жаздаған балақайға енді ұзақ уақыт ем қабылдауға тура келеді. Ал, ол үйдің тұрғындары енді, тағы да мұндай жазатайым жағдайдың болмасы үшін қаржы жинап, кіреберіс баспалдақтарын жөндетеміз деп отыр.