«Біз өз-өзіне қол жұмсаған адамдарға ақыл-есі дұрыс емес адамның дұғасын, жаназасын оқимыз» - имам - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Біз өз-өзіне қол жұмсаған адамдарға ақыл-есі дұрыс емес адамның дұғасын, жаназасын оқимыз» - имам

«Біз өз-өзіне қол жұмсаған адамдарға ақыл-есі дұрыс емес адамның дұғасын, жаназасын оқимыз» - имам

Суицид жасағандарға шариғат бойынша тек ақыл-есі дұрыс емес адамның намазын оқып, оны ақтық сапарға шығарып салады екен.

  • 5 Желтоқсан 2018
  • 169
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ, дін өкілдері Алланың берген жанын өз еркімен қию ол кешірілмейтін күнәлердің қатарына жататынын айтады. Ал, статистикалық мәліметке сүйенсек, еліміз өз-өзіне қол жұмсау бойынша әлемде алдыңғы қатарларда екен.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. 
 
"Адамның өмірі қамшының сабындай қысқа" деп бекер айтылмаса керек. Барлығымыз бұл фәниден дәм-тұзымыз таусылған уақытта өтеміз. Бірақ, соңғы уақытта сол өмірін өз еркімен қиятындардың қатары артып барады. Бұл тұрғыдан дін өкілдері суицид жасаған адамның тіпті, жаназасы да оқылмайды дейді. Ал, көпшілік имамдардың барып, оқып жүргені ол мүмін мұсылмандардың жаназасы емес екен. 

«Қазақстанда өзін-өзі қол жұмсағандарға жаназа намазы оқылады. Неліктен деген сұрақ қойылса, оған экологиялық жағдайда. Өйткені онда бір ауру бар, жын кіреді я ақыл есі дұрыс емес. Сондықтан жын кірген адамның ақыл-есі дұрыс болмай қалады. Біз өзін-өзі қол жұмсаған сондай жағдайға барған адамдарға біз сол ақыл-есі дұрыс емес адамның дұғасын, жаназасын оқимыз» — дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілі, имам Бекзат Ақжігітіов.

Яғни, жынды адамның дұғасы. Қарапайым діннен аса қатты хабары жоқ адамдар жаназа шығарылады екен ғой деп топшылауы мүмкін. Бірақ, ол ақтық намазды оқып тұрған имам іштей "ақыл-есі дұрыс емес адамның дұғасын" оқуға ниет етеді. Демек, дінімізде суицид жасаған адамның үкімі, есі дұрыс адамның үкімімен пара-пар.  

Жаназа намазының шарттары:

1. Дүниеден өткен адамның мұсылман болуы.
2. Мәйіттің кем дегенді 3/2 бөлігі денесінің болуы.
3. Мәйітті жууға су жоқ болса, оған тәйәммүм алу. 
4. Мәйіттің жамағаттың алдына көлденең қойылуы.

Егер де, осы жоғарыда аталған шарттардың барлығы сақталса, дүниеден өткен адамға шариғатымыз бойынша соңғы жаназа оқылуға рұқсат етіледі екен. Сондай-ақ, ел ішіне бүлік салғандар, соғыс ашқандарға, аса аауыр қылмыс жасаған адамдарға ақтық намазы оқылмайды екен.

«Жалпы, "Нұр Астана" мешітінде жаназа оқитын орын осы жер болып есептеледі. Осы тұрған алаңымыз, адамдардың жамағаттың жаназаға саптанып тұратын орны. Мына биік сатыға ұқсас баспалдақ үстіне мәйіт қойылады, табыты сол жерде тұрады» — дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілі, имам Бекзат Ақжігітіов.



Жыл сайын орта есеппен алғанда елімізде 3 мың 500 адам өз-өзіне қол жұмсайды екен. Оның жартысынан көбі жасөспірімдер. Болмашы тұрмыстық қиыншылықтарға бола өмірмен қош айтысуға баратын жәйттер жиілеп барады деп мамандар да дабыл қағуда. Ал, асыл дініміз исламда Алланың берген аманатына қиянат жасау ол үлкен, кешірілмейтін күнәнің қатарына жатады.

«Мектептердегі психологтардың жұмысын күшейту, санын арттыру, сапасын арттыру. Сонымен қатар отбасындағы жасалатын жұмыс жүйесін қалыпқа келтіру. Оқушылар мен осы бағытта негізделген тікелей идеологияны дұрыс қалыптастыру. Сонымен қатар, зорлық-зомбылықты азайту мақсатындағы жасалатын жұмыстар. 30 % зорлық-зомбылықтың балалар арасында өскендігі туралы ақпарат бар, бұған да біз мән беруіміз қажет. Себебі зорлық өскен жерде суицидтің де өсетіні мәлім» — дейді психолог Ақгүл Молдабекова.

Дін өкілдерінің пайымынша, өмірден өткен адамның жаназасы оқылмаған жағдайда оның рухы қиналады. "Сондықтан, көрер жарығы таусылып, арғы дүниеге аттанарда өмірден мұсылман болып өту әркімнің өз қолында екенін ұмытпаған абзал" дейді мамандар.