Алматыда көлік ұрлаған екеу жол апатына ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда көлік ұрлаған екеу жол апатына ұшырады

Алматыда көлік ұрлаған екеу жол апатына ұшырады

 

  • 19 Желтоқсан 2018
  • 40
Фото - Caravan.kz


Алматыда екі жігіт көлік ұрлап әкетіп, жол-көлік оқиғасын жасады, — деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Оқиға Төле би мен Әуезов көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, Opel Төле бимен шығысқа қарай беттеген. Белгісіз себептермен жүргізуші тізгінге ие бола алмай қалып, бар жылдамдығымен шам бағанасын соққан. Салдарынан екі адам зардап шекті, олар жүргізуші мен жолаушы. Екеуі де аса ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Сөйтсек, екеуі бұл көлікті Қожамқұлов көшесінен ұрлап әкеткен екен.