Елімізде 1 қаңтардан бастап шоттағы ақша үшін бонус берілмейді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде 1 қаңтардан бастап шоттағы ақша үшін бонус берілмейді

Елімізде 1 қаңтардан бастап шоттағы ақша үшін бонус берілмейді

Елімізде 1 қаңтардан бастап шоттағы ақша үшін бонус берілмейді

  • 23 Желтоқсан 2018
  • 247
Фото - Caravan.kz

Қазақстанда 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап шоттағы сақталған ақша үшін сыйақы төлеуге тыйым салынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мұндай түзетулер 2018 жылдың 2 шілдесіндегі заңмен енгізілді. Азаматтық кодекстің 751-бабында былай делінген: "Ағымдағы банктік шотта орналастырылған ақшаны пайдаланғаны үшін сыйақы төленбейді".

Қазақстанда депозиттер жүйесі өзгертілген болатын. 1 қазаннан бастап салымшылар үшін салымның үш түрі қолжетімді болды: мерзімсіз, мерзімді және жинақ салымдар. Жинақ салымы бойынша үш айға арналған сыйақы мөлшерлемесі 12 пайыз, ал 24 айдан аса салым бойынша — 13,5 пайыз.