"Елден қуылсын": Белгілі журналист жалаңаш төсін көрсеткен қазақ қызын елден қуу керек екенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Елден қуылсын": Белгілі журналист жалаңаш төсін көрсеткен қазақ қызын елден қуу керек екенін айтты

"Елден қуылсын": Белгілі журналист жалаңаш төсін көрсеткен қазақ қызын елден қуу керек екенін айтты

Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы желіде жалаңаш төсін көрсеткен Шырын Нарчаеваны елден қуу керек екенін айтты.

  • 28 Желтоқсан 2018
  • 1171
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында айтты.

"МЫНА МАСҚАРАНЫ ТОҚТАТАЙЫҚ, ХАЛАЙЫҚ!!!
Қазақстан Ішкі Істер Бөлімінің Министрі
Қалмұқанбет Қасымов,
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры 
Қожамжаров Қайрат:

Сіздерден мына сұмдықты тоқтатуларыңызды сұраймын! 
Осы қыздың Қазағымның сәукелесімен елімізді қорлап тыржалаңаш шыққанын кеше көріп едік(мен ұялып ол суретті шығармадым), енді бүгін мына бейнежазбасымен бүкіл Халықты жер етуде. Бұл — қазақтың қызы емес. Әдейі ұлтараздықты тудырып отырған біреу. Шұғыл түрде жаза қолдануларыңызды талап етемін!
Ұлттық құндылығымызды қаралағаны үшін қатаң заңмен жазаланып, елден қуылсын!" — деп жазды журналист.