Жаңажылдық мереке күндері Астанада 70-тен астам жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
2018 жылғы 31 қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін 7 жүргізуші көлікті ішімдікке масайған күйінде басқарғаны үшін ұсталды. Оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, автокөліктер коммуналдық автотұраққа қойылды», — делінген Астана қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінде. Бұдан бұрын хабарланғандай, Астанада жаңажылдық демалыс күндері 70-тен астам қылмыс тіркелді.