«Кезекпен барамын»: Түркістандық жігіт тоқал мен бәйбішені қалай жарастырғанын айтып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Кезекпен барамын»: Түркістандық жігіт тоқал мен бәйбішені қалай жарастырғанын айтып берді

«Кезекпен барамын»: Түркістандық жігіт тоқал мен бәйбішені қалай жарастырғанын айтып берді

Түркістан облысы Төле би ауданының тұрғыны Сұлтанмұрат Иманов бүгінде тоқал мен бәйбішені айқай-шусыз қалай жарастырып отырғанын әңгімеледі. Алғашында бір-бірін қызғанған екеу кейін тату-тәтті аралас-құралас боп кетіпті.

  • 3 Қаңтар 2019
  • 510
Фото - Caravan.kz

Дильярамен 2006 жылы үйлендім. Ол кезде жасым 22-де еді. Бүгінде ол маған 2 қыз, 2 ұл бала сыйлады. 

Оған екінші әйел алатынымды айтқанымда қарсы шықты. Кейін көнді әйтеуір. Екінші келіншегім де солай», — дейді Төле би ауданының тұрғыны.

Сұлтанмұрат Иманов бәйбішесінен 4, тоқалынан 6 жас үлкен екен.

2 әйел 2 үйде тұрып жатқанымен бір ауылдың ішінде. Отбасылық жиын, той болғанда олар бір үйдің қызындай қонақтарға қызмет көрсетеді.

«Басында қызғаныш болды. Кейін түсінісіп кетті. 2 үйге кезекпен барамын. 1 күн бәйбішеммен қалсам, 2-күн тоқалыммен боламын», — дейді Сұлтанмұрат.

Ал отағасының аузынан тоқал алу жайлы сөзді естігенде бәйбіше шошып қалғанын жасырмайды.

«Алғашында өзімді өте нашар сезіндім. Келіспедім. Кейін 4 балам үшін амалсыз көндім. Қазір түсінісіп кеттік. Бірге қонақ күтеміз», — дейді әйелі.


Сұлтанмұраттың анасы ұлының шешімімен алғашында келіспеген.

«2 ұлым бар. Сұлтанмұрат тұңғышым. Екінші ұлым Астанада жұмыс істейді. Алғашында қарсы болғаным рас. Қазір Құдайға шүкір бірінші әйелінен 4, екіншісінен 1 қыз бала бар», — дейді Сұлтанмұраттың анасы.

Түркістан тұрғыны тоқал алу арқылы демографияға үлес қоса алатынын айтады. Сондай-ақ әр бала дүниеге келген сайын оның денсаулығы да жақсара түседі екен.