Маңғыстауда жол апаттарынан 83 адам бақилық болды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстауда жол апаттарынан 83 адам бақилық болды

Маңғыстауда жол апаттарынан 83 адам бақилық болды

Маңғыстау облысында жаңажылдық мереке күндері 12 жол-көлік апаты болып, салдарынан 26 адам зардап шекті.

  • 4 Қаңтар 2019
  • 3138
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Жол патрульдік полициясы қызметін ұйымдастыру бөлімінің басшысы Біржан Жұмабаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

«30 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында 12 жол-көлік оқиғасы болды. Зардап шеккендер саны 26 болғанымен, қайтыс болғандар тіркелген жоқ», — деді Біржан Жұмабаев.

Жалпы 2018 жылы аймақта 320 жол апаты орын алған. 83 адам қайтыс болып, 404 адам жарақат алған. 2017 жылмен салыстырғанда көлік апаттарының саны азайды (328 оқиға болды).