"Бұғауыңнан босашы, Босата гөр, Құдайым!": Ақын Бақыт Беделхан ауыр халде жатқан жарына арнап өлең арнады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бұғауыңнан босашы, Босата гөр, Құдайым!": Ақын Бақыт Беделхан ауыр халде жатқан жарына арнап өлең арнады

"Бұғауыңнан босашы, Босата гөр, Құдайым!": Ақын Бақыт Беделхан ауыр халде жатқан жарына арнап өлең арнады

Ақын Бақыт Беделхан жантүршігерлік жол апатынан аман қалған жан жары Айзада Сатыбалдиеваға арнап өлең арнады.

  • 4 Қаңтар 2019
  • 2660
Фото - Caravan.kz

Өмірлік серігіне арнаған өлеңін ақын Facebook парақшасына жариялады.

Алас-жыр…

Есігіңде сұр жылан.
Босағаңда боз жылан.
Керегеңде кер жылан.
Маңдайшада сор-жылан.
Миды шағып ысқырған,
Отауыңда оқ-жылан.
Кімнен медет сұрайын,
Қандай амал қылайын,
Мен бұған?!

Күннің құтын құяйын.
Айдың сүтін сұрайын…
Аймалаған ақ шыңды
Таң нұры боп құлайын.
Қайырылмаса,қарысып,
Қара көзден жас емес,
Қан шыққанша жылайын.
Алтын-ұям — Ақ ордам,
Бұғауыңнан босашы,
Босата гөр, Құдайым!

Көзі бардың — көзіне…


Тілі бардың — тіліне…
Сөзі бардың — сөзіне…

Сумаңдаған пәленің 
Су құйылсын, ініне,
Құм құйылсын, көзіне!

…Қабырғаңнан сөктірген,
Иығыңнан шөктірген,
Қанатыңнан қайырып,
Қайғылы азап шектірген,

Жылан кетіп барады,
Құйрығы бар, басы жоқ.
Енді қайтіп шағады,
…Дұшпаны боп, қасы боп?!

Тұр, тұр, енді! Тұр, енді!
Қолдап тұр ғой, Тәңірім.
Мені саған жіберді,
Жарығым!!!