Астана әкімі Бақыт Сұлтанов елорда халқының саны 3 миллионға қашан жететінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Астана — миллион тұрғыны бар қала, демографиялық әлеуеті зор. 2030 жылы халық саны 2 миллионға жетеді, ал 2050 жылы — үш миллионнан асады", — деді Бақыт Сұлтанов әкімдік жиналысында.
Ол БҰҰ болжамы бойынша 2050 жылы халықтың 70 пайызы қалада тұратыны туралы айтты. Қазіргі уақытта бұл көрсеткіш — 54 пацйызға жеткен.