Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл жағдай жаңа жыл қарсаңында Трувиль ауылында болған.
Агата Муцениецені өзінің жары, актер Павел Прилучный ұрып соққан. Полицияға актрисаның пиар-менеджері Мариам Халилова арыз жазған. Прилучный жарын ұрып, үйінен шығармай қойған.
Агата Муценице медициналық көмектен бас тартып, күйеуінен таяқ жегені туралы хабарлаудан бас тартқан. Павел Прилучный да бұл туралы айтпады, актердің агенттігі де ешқандай пікір білдірмеді.
Айта кетейік, жұлдызды жұптың ара-қатынасы жайлы мәселелер былтыр жазда белгілі болған еді.