Білім сатыла ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Білім сатыла ма?

Білім сатыла ма?

Түлектерді Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындайтын орталықтарды сыбайлас жемқорлықпен күрес мамандары тексермекші. Олар мектеп бітірушілерді сынаққа даярлайтын осындай оқу ошақтарының жұмысына күмәнмен қарайтын сияқты.

  • 17 Қаңтар 2019
  • 38
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Жемқорлықпен күресушілер «Достық» және «Лидер» деген орталықтардың жұмысына талдау жүргіземіз деп отыр. Осы тексерістердің барысында даярлық орындарында білім алған талапкерлер тестілеуден жоғары балл алатыны не алмайтыны сараланбақ. Яғни, мемлекеттік сынақтың нәтижесіне түлектің білім деңгейінен бөлек тестілеуге дайындайтын орталықтардың қандай да бір байланысы бар ма деген факторды анықтап көрмекші екен.