Caravan.kz медиа порталы ер адам болып өмірге келіп, қыз ретінде танылып, сұлу атанған трансгендерлерді назарларыңызға ұсынады.
Андреа Пежич
Австралиялық модель трансгендер. Босния және Герцеговина елінде өмірге келген. Жынысын ауыстырғанға дейін әйелдердің де, ер адамдардың да сән көрсетілімдеріне қатысып келген.
Лана мен Лилия Вачовски
Трансгендерлердің ішінде ағалы-інілі болып, кейін апалы-сіңлілі болғандар да бар. Америкалық кинорежисселер Лана мен Лилия бұрын Эндрю және Лоуренс болған.
Америкалық режиссерлер "Матрица", "Аниматрица" сынды танымал фильмдердің режисселері.
Амелия Мальтепе
Бангладеш елінде, мұсылымандар отбасында өмірге келген Адеш, қазіргі таңда Амелия Мальтепе. Арманына жету ол 2009 жылы Канада елінде жынысын ауыстырып, ота үшін 12 мың долларын жұмсаған.
«Мен жынысты хирургиялық тұрғысынан және дәрі-дәрмек арқылы өзгертуге болатынын білдім. Соны білгенде бақыттан басым айналған еді», — деп жауап берді модель.
Ол қазіргі таңда танымал модель, инстаграм әлеуметтік желісінде 80 мыңға жуық оқырмандары бар.
Кейтлин Дженнер
Жеңіл атлетиканың жұлдызы болған Уильям Брюс Дженнер, ол қазіргі таңда Кейтлин Дженнер. Крис есімді әйелімен ажырасқаннан кейін ол өзін ер адамның денесінде өз әйел адам ретінде сезінетінін айтқан еді. Жынысын ауыстырмақ болған Уильямды екі қызы да қолдап, содан ол Кейтилин Дженнерге айналды.
Ер адамнан, әйелге айналған Кейтлин аз уақыттың ішінде "Жыл әйелі" — деген титулға да ие болған.
