63 мың теңгеден аз алатын қазақстандықтардың жалақысы өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
63 мың теңгеден аз алатын қазақстандықтардың жалақысы өсті

63 мың теңгеден аз алатын қазақстандықтардың жалақысы өсті

Енді 2 миллионға жуық қазақстандық жылына 15 мың теңгеге дейін қосымша кіріс алады. Бұл туралы бүгін ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп хабарлайды 

  • 22 Қаңтар 2019
  • 86
Фото - Caravan.kz

Президенттің бес әлеуметтік бастамасының бірі – жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту болатын. Бүгін үкімет отырысында ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов өзгерістер 1 қаңтардан бастап күшіне енгенін атап өтті.

"Салық кодексінде жалақысы 63 125 теңгеден төмендер үшін тәртіп өзгерді. Олардың салық жүктемесі 10 есе төмендетілді және 2 миллионға жуық жұмысшы жылына 15 мың теңгеге дейін қосымша кіріс алады", — деді Дәленов. 

Оның айтуынша, жергілікті бюджеттердің шығындарын өтеу бойынша өзгерістер 2019-2021 жылдары жергілікті бюджеттердің 93,7 миллиард теңге мөлшеріндегі шығындарына әкеледі. Аталған шығындар республикалық бюджет комиссиясының 2018 жылғы 2 сәуірдегі отырысында қаралды және мақұлданды.


"Жергілікті бюджеттердің кірістері жеңілдік есебінен төмендемейді", — деді ол.