«Аяқ аттасаң букмекерлік кеңсе». Анасы ұлының құмар ойындарға қалай әуестенгенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Аяқ аттасаң букмекерлік кеңсе». Анасы ұлының құмар ойындарға қалай әуестенгенін айтты

«Аяқ аттасаң букмекерлік кеңсе». Анасы ұлының құмар ойындарға қалай әуестенгенін айтты

«Машинамыз бен пәтерімізді саттық. Қазір тұрып жатқан пәтеріміз ғана қалды. Ұлым өте ақылды, гимназияда оқыды. Ақымақ бала емес. Зор үміт күттік. Айналысында оған қолдау білдіретін адамдар көп болды. Букмекерлік кеңсеге қалай қосылғанын білмеймін. Бәрі компьютер ойындарынан, ойын автоматтарынан басталды. Содан кейін бәс тігуге көшті. Букмекерлік кеңселердің оқушылардан бәс қабылдағаны мені таң қалдырады. Ол жерде 21 жастан басталады емес пе?» - дейді Мущанова.

Оның айтуынша, баласы мың теңгеден 2 млн теңгеге дейін бәс тіккен.

«Ауламызда ломбард, екі букмекер кеңсесі, онлайн ойындар, жарнама барлық жерде, сол себепті қол жеткізу оп-оңай. Осылай оған бір ай жеткілікті болған шығар. Сол кезде о

  • 25 Қаңтар 2019
  • 84
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, баласы мың теңгеден 2 млн теңгеге дейін бәс тіккен.

«Ауламызда ломбард, екі букмекер кеңсесі, онлайн ойындар, жарнама барлық жерде, сол себепті қол жеткізу оп-оңай. Осылай оған бір ай жеткілікті болған шығар. Сол кезде оның ойына жеңіл ақша табу келген болар. Букмекерлік кеңселерде алғашқы кездері адам үнемі жеңеді, осы эйфориямен әрі қарай бәс тіге береді. Бәс мың теңгеден басталса, одан әрі қарай көбейе береді. Бірінші кездері оған туыстары ақша берген. Бәс тігу адамды өтірік айтуға үйретеді. Ақша алу үшін ол көп өтірік айтты. Сосын ұлыма ақша берген адамдар бізге келді», — деді ол.

Жанар Мущанованың отбасы қазіргі уақытта психологтың көмегіне зәру.

«Кішкентай баламды Санкт-Петербургте емдеу үшін үйімізді сатып, одан кіші үй алдық. Үлкен ұлым 2 млн теңгені тауып алып, барлық алтындарымды алып, шамамен 3 млн теңгені ойынға кетірген. Букмекерлердің осындай сомадағы бәсті қалай қабылдайтыны таң қалдырады. Ол ақшаны бөліп қойса да екі күн ішінде жоқ қылған. 500-600 мыңнан бөліп қойды делік, бірақ бұл үлкен сома. Букмекерлер баланың ата-анасына хабарласып сұраса болады ғой. Мүмкін бұл ұрланған ақша шығар», — деп ана баласының жайын айтты.

Бүгінде баласының өмір сүру салты өзгеріп, жұмыс істегісі келмейтінін, психологиялық күйзелісте екенін айтты.

«Бұрынғы мен білетін, жақсы көретін балам жоқ. Ол не десе де өтірікті байқаймын. Қазір ешкім оған қарыз бермейді. Оның қандай екенін туыстары да, достары да, бәрі жақсы біледі. Сол себепті осындай жағдайдан кейін ақша табу үшін қылмысқа бара ма деп қорқамын. Балам «Ренессанста» емделіп жатыр. Ақшаны туыстарымызбен бірге төлейміз. Сол жерде емделіп шығып, бұрынғы қалпына келеді деген үмітіміз бар», — дейді ол.

«Бізде «ұят болады» деген менталитет бар. Осында келіп сөйлеу маған ауыр. Отбасымызды ойран қылды. Бұл өзекті мәселе, сол себепті осында келіп тұрмын. Қазақстанда компьютер ойындары, букмекер кеңселері болмауын қалаймын. Спорт клубтары көп болса деймін. Аяқ аттасаң букмекерлік кеңсе, өте қолжетімді. Компьютер клубтарының да алдына қаншама адам тұрады. Түнде оқушыларды кіргізеді. «Не үшін отырсың, үйіңе бар» десең өте дөрекі жауап береді. Онлайн ойындарды бұғаттап, ойын аппараттары елімізде болмаса екен деп тілеймін. Осында босқа келмедім, менің дауысымды естиді деп үміттенемін. Ата-аналардың атынан заң жобасына өзгерістер енгізуды сұраймыз», — деп сөзін түйіндеді ана.


Еске сала кетсек, "Ренессанста" құмарлықтан арылтуға арналған сауықтыру процесіне 2 айдан 1 жылға дейінгі уақытты талап етеді және бір айлық емделу курсы шашамен 300 мың теңгені құрайтынын хабарлаған болатынбыз.