Жастардың жұмысқа орналасуына мүмкіндік беретін сайт іске қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жастардың жұмысқа орналасуына мүмкіндік беретін сайт іске қосылды

Жастардың жұмысқа орналасуына мүмкіндік беретін сайт іске қосылды

Қарағанды қаласында «Еңбекке жол» сайты таныстырылды.

  • 27 Қаңтар 2019
  • 27
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, бұл веб-ресурс жастардың жұмыспен қамтылу деңгейі мен өмір сапасын жақсартуға бағытталған.

«ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранттары «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-мен бірлесіп, 2017-2021 жылдары Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасының барысы туралы ақпарат беретін сайт құрды. Оның мақсаты — 2019 жылдың 25 мамырына дейін жұмыссыз жастардың 3 пайызын тарту», — делінген таратылған ақпаратта.

«Еңбекке жол» жобасы үш бағыт бойынша жұмыс істеп жатқаны атап өтіледі: бағдарлама қатысушыларына техникалық және кәсіби білім беру, қысқамерзімді оқыту, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, тұрғындардың жұмыспен қамтылуы және еңбек ресурстарының мобильділігі арқылы еңбек нарығын дамыту.


Бағдарламаға 9-11-cынып оқушылары, кәсіби білімі жоқ және білім мекемелеріне оқуға түспеген тұлғалар, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, жұмыс іздеп жатқан немесе жұмыссыз адамдар қатыса алады.