Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Дәрігерлерден айналдым!
Соңғы бір жарым жылда екінші рет аман алып қалды. Бұл жолы асқазан жарасы ашылып, гемоглобин 61-ге түсіп кетіпті (бәрін жүрекке жақын қабылдаудың нәтижесі…). Жан сақтау бөліміндегі жанталастан аман шықтық, бастысы. Енді палатада "постельный режимде" рақаттанып жатқан жай бар🤗. Сәл демалып, ем алып шығайын, сосын, қарбалас тірлікке қайта кірісем. Тек енді денсаулықты шындап қолға алу керек. Әйтпесе, ақ xалатты абзал жандардан әбден ұят болды", — деп жазды журналист.
Бұл жазбаны көрген желі оқырмандары танымал журналистке амандық пен саулық тіледі.