Бұл туралы ҚазАқпарат. хабарлады.
Қазақстанның оңтүстігіндегі белсенді фронттардың әсерінен алдағы үш тәулікте жаңбыр, кей жерлерде қатты жауын-шашын және найзағай күтіледі. Ал суық арктикалық атмосфералық фронттар республиканың солтүстік облыстарына жауын-шашын, жылбысқы қар, көктайғақ ала келеді. Ауа температурасы -2-10°С аязға дейін суытады. Сондықтан ауа температурасы климаттық нормадан 2-5°С төмендейді. Ал оңтүстік облыстарда ауа температурасы климаттық нормадан 2-5°С жоғары болады.