Жамбыл облысында имам өзінің көршісін өлтірді. Ер адамның денесі қорада табылды, деп хабарлайды Sputniknews.kz КТК телеарнасы.
"Жамбыл облысының тұрғыны өзінің көршісін пышақтап өлтірді. Ер адам оқиға орнында көз жұмды", — деді Жамбыл ауданы полиция бөлімі тергеу жөніндегі басшысының орынбасары Дәулетжан Бектембаев.
Қылмыс жасаған соң имам өз-өзіне қол салған.
Қылмыстық кодекстің 99-шы бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") және 105-ші бабы ("Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу") бойынша қылмыстық іс қозғалған. 15 және 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.
Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр, бірқатар сараптама тағайындалған.
Полиция қылмыстың себебін нақтылаған жоқ. Имам көршісімен сөзге келіп, жүрегіне пышақ сұқты. Қарсыласы өлгенін көріп, өз-өзіне қол салған.
Екі ер адам да 51 жаста, бір сыныпта оқыған.
Ауыл тұрғындары имамды тек жақсы қырынан танитынын, алайда оның қызуқанды болғанын айтқан.