Жұлдыз жорамал: 9 қыркүйек - 15 қыркүйек - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жұлдыз жорамал: 9 қыркүйек - 15 қыркүйек

Жұлдыз жорамал: 9 қыркүйек - 15 қыркүйек

Апталық жұлдыз жорамал: 

  • 9 Қыркүйек 2019
  • 656
Фото - Caravan.kz

Тоқты

Білесіз бе? Сіз өзі үздік жансыз. Сіздей жан мыңнан біреуі ғана.Бүгін сіз үздік жетістікке жетейін деп тұрсыз! Тек үмітіңізді үзбесеңіз болғаны. Көп адам сізге көре алмаушылықпен қарауда. Оларға мән бермей алға жүруіңіз керек. Осы кеңестерді орындасаңыз, ертен бізге рахметіңізді айтасыз!

Торпақ

Кешеден бері сізді біреулер талқылауда. Бірақ кімдер екенін әлі білмейсіз. Көшеден кетіп бара жатқаныңызда алды артыңызға қарап жүріңіз. Бір үлкен сырды білетін боласыз. Және де ақшаға абай болыңыз, сізді бүгін арамы адамдар алдау мақсатында.

Егіздер

Иә, білеміз, сіз оны ұмыта алмай жүрсіз. Бірақ өміріңіз енді басталды, тағдырда жазылса бірге боласыз, сондықтан көп мұңге берілмей өз жағдайыңызды дүрыстағаныңыз жөн. Бүгін жоқ жерден ұрыс есітіп қалуыңыз мүмкін. Сабыр сақтап үндемей өтіп кетуіңіз дүрыс, ертен сізді ренжіткен адамнің өзі кешірім сұрап келеді.

Шаян

Қырсық мінезіңізбен жұртқа жақпай жүрсіз. Мүмкін сәл болса да жұмсақ болуыңыз керек. Сізді көп уақыттан бері сүйіп жүрген жан бар, ол анық. Бірақ сырын сізге айтудан қорқады, сізді үстінен күледі деп. Жан жағыңызға қараңыз, сол жанды өзіңін тауып алып "мен бәрін білемін" деп, құшақтап алыңыз!

Арыстан

Өткен күндердің көленкелері қайтадан оралуда. Басқа жанға бола сізді тастап кеткен адам қайтып оралады, оны қабылдамаңыз. Арам ойы бар. Нақты өзі келмесе де, қайтып оралғысы келген ойы бар. Ол адамнан аулақ болыңыз, өміріңізге үлкен өкініш алып келейін деп тұр!

Бикеш

Бүгін сіз шулатасыз! Үлкен кісілер сізге ұміттеніп қарап отыр, бірақ сіз ұміттерін ақтай алмай жүрсіз. Бүгін керісінше сізге сенбегендер таң қалады! Сізді құрметтеп, сізді іздеп бастайды! Дайын болыңыз!


Таразы

Бүгін адамдарға қамқор болуыңыз тиіс! Бүгін көп адам жыныңызға тиеді, олармен ұрыспай, сабыр сақтап, үндемей өтіп кетіңіз. Ертен сол адамдар сізге керек болып қалады. Сол кезде керегін олардан аласыз, ал олар сізге үндемей көмегін береді.

Сарышаян

Сіздің жетістіктеріңіз оңайшылықпен келген емес. Бірақ мұны тек сіз білесіз, басқалар сізді дайынға келген деп ойлауда. Артыңыздан өсектер тасып жүрген адамдар көп, оларға мән бермеңіз, сонда олардың жынын келтіресіз.

Мерген

Көмек беруден ешқашан шаршамаңыз. Бүгін сіз көмектескен жан, ертен сізге үлкен сый сыйлайды. Әрине сіздің ақкөңілділігіңіз көпке ұнамай жүр. Өйткені олардың қолынан келмегенін сіз жасап жүрсіз.

Тауешкі

Сізді жоқ жерден үлкен сый күтуде. Дайындалмасаңыз сыйыңыз шеттен өтіп кетеді де, қайта оралмайды. Сөздеріңізге еге болыңыз, бүгін сізді біраз адам тексереді.

Суқұйғыш

Күніңіз ауыр болады. Дайындалыңыз. Бастығыңыз немесе мұғаліміңіз ашуын сізден алады. Көңіліңізді кетіріп мұңаймаңыз. Жүрекке алмаңыз.

Балықтар

Сізді сүйген жанға көбірек көңіл бөліңіз. әйтпесе тым кеш болуы мүмкін. Ол сізді ессіз жақсы көреді, жүрегін жараламаңыз, жиі жиі "мен сені сүйемін" деп жүріңіз.