Бұл туралы өнер иесі Instagram-парақшасында мәлім етті.
"Кешкі қоңыр самалдан музыка жұпары сезіледі…Менің қиялыма қанат байлап, ойымның жүзеге асуына көмектескен франциялық керемет парфюмерлер "DQ Scent of Music" ғажайып әтірлер желісін жасап шығарды!
Біз 2 қазан күні баршаңызға шығармашылық ізденісіміздің жемісін ыстық ықыласпен ұсынамыз және сіздердің пікірлеріңізді, әділ бағалауларыңызды асыға күтетін боламыз!", — деп жазды әнші.