Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
10 қазанда 9:55-те сиреналарды іске қосу арқылы елордалықтарды құлақтандыру жүйесін тексеру жүргізілетіні айтылады.
"Нұр-Сұлтанда теле-радиохабарлары мен электрсиреналарды іске қосу арқылы хабарлау жүйесі тексеріледі. Сабыр сақтауға шақырамыз!", — делінген ресми хабарламада.