Басылымның хабарлауынша, Лариса Куимова осы уақтқа дейін салмақ қоса алмай келіпті. Тамақ жесе де, салауатты өмір салтын ұстанғанымен де салмағын арттыра алмаған. Бірақ лариса 38 жасында спортпен айналыса бастайды.
"Мен бұрын арық болғанмын. Студент кезімде қатты ауырдым. Солай салмағымды жоғалта бастадым. Дәрігерлер мұның себебін анықтай алмады. Тіпті мен көрген олар да шошып кетті. 40 келі салмақтан 35-ке дейін түсіп кеттім. Бұл өте қорқынышты болды", — дейді Лариса.
Ол ресейлік бодибилдер семинарына қатысқаннан кейін бодибилдинг жаттықтырушысы болуды шешкен. Сөйтіп Мәскеудегі бодибилдинг жоғары мектебіне жаттықтырушы біліктілігін алуға өтініш білдіріпті. Қашықтықтан оқудан өтіп, барлық тапсырмаларды орындап, бейнероликке түсіріп, Мәскеуге жіберіп отырған. Үш айдан кейін ол жаттықтырушы сертификатын алыпты.
Лариса Куимова жарты жылдан бері бодибилдинг жаттықтырушысы болып істейді. Қазір оның салмағы — 48 келі екен. Ол қазіргі келбетіне риза екенін айтады.
Ларисаның күнделікті тамағы — ботқа, жұмыртқа, түскі асқа міндетті түрде ет кіреді екен.