Нұр-Сұлтанда ашық жатқан құдықтар әлі де бар - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтанда ашық жатқан құдықтар әлі де бар

Нұр-Сұлтанда ашық жатқан құдықтар әлі де бар

Былтыр елордада ашық-шашық жатқан құдыққа құлап кетіп, екі жеткіншек көз жұмған еді.

  • 24 Қазан 2019
  • 79
Фото - Caravan.kz


Содан бері жылдан астам уақыт өтсе де кәріз жүйесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде кемшін тұстар баршылық. Олай дейтін себебіміз, астанада қақпағы жоқ, бекітілмеген құдықтар әлі де бар! Ондай қауіпті жерлер қай көшеде кездеседі? Қай тұстарда байқап жүрген абзал? Сақтық шаралары қолға алынуда ма?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Өткен жылы қараша айында мектеп оқушысы Аружан Маратова Қошқарбаев көшесіндегі құдыққа құлап, мерт болды. Арада үш ай өткенде тағы бір ашық құдық 13 жастағы баланың өмірін жалмады. Қауіпті кәріз жүйесі елордада әлі де бар.

«Қайғылы жағдайлардан шенеуніктер құдықтарды қауіпсіз етеміз, жабамыз, қақпақ қоямыз деген. Бірақ, оны біз байқаған жоқпыз. Мысалы, мына ағаш дөңгелекті ғана таспен баса салыпты. Көтеріп көрейін. Көтере алмадым. Қайтадан тасты қоя салайық. Бәлесінен аулақ. Айтпақшы, дәл осы құдық Аружан Маратова құлаған, біз жоғарыда айтқан кәріз құдығынан шамамен 15-20 метр жерде орналасқан».

Сол жағалауға қарағанда, оң жағалаудан ашық-шашық жатқан құдықты табу қиын болмады.

«Тілшілік рейдіміз бізді ешкімнің есім-сойы берілмеген А-98 көшесіне алып келді. Бұл жерде де аузы дұрыс жабылмаған құдықты байқадық. Екі кірпіш, жол жүру ережесінде қолданатын арнайы пластмасса, сосын тақтайшамен бетін жауып қана қойыпты. Былай қарасам, тереңдігі су бойымен 3-4 метрдей. Адам құласа, құламай-ақ қойсын, бірақ, оңдырмайтын сияқты. Жауып қояйық».

«Қақпағын алып кете береді. Түсінбеймін мен адамдардың не істеп жүргенін?!».

Қаладағы халық көп жүретін көшеге де бардық. «Нұрлы Жол» вокзалына апаратын жолда  да қараусыз қалған құдықтар барын естіп.  

«Біз Ахмет Байтұрсынұлы көшесінде тұрмыз. Естеріңізде болса, шойын қақпақтар ұрлай бастаған кезде жергілікті билік оның шешімін тапқан сияқты еді. Міне, мынадай пластмасс аралас, ішінде темірі де бар, құдықтар қақпағын, «КЭП АСТАНА» деген қақпақтар жауып тұруы керек еді. Бірақ, көріп тұрсыздар көпке шыдамапты. Астананың суығы ма, әлде адамдар дұрыс үстінен жүрмеді ме, қақ айырылып, ешкімге керек емес болып қалған».

Құдықтардың қауіпсіздігіне жауапты мамандармен де тілдестік. Олар шағымның азайғанын айтады.

Әлібек Қазез, «Астана су арнасы» компаниясының өкілі:
«Бүгінде құдық ашық жатыр деп шағымданушылар азайды. Өйткені, қолдан келгенше күн сайын жауып жатырмыз. Арнайы торлардың күніне оншақтысын орнатамыз».

«Елорда шенеуніктерінің қазіргі кездегі құдықтарды қауіпсіз ету біріңғай үлгісі  тор қою. Егер де мынадай шойын біреу металл ретінде тапсыруға алып кететін болса, қар астындағы құдыққа құлап кетпеуі үшін, адамдарды құтқаратын торлар қойылады. «Бісіміллә» деп тексеріп көрейікші. Қауіпсіз сияқты. Негізі жыл басынан бері «Астана су арнасының» мәліметінше, 1210 құдыққа қақпақ қойылса, дәл осындай торлар саны 8500 болады екен. Бар білгеніміз, бар тексергеніміз бүгін осы болды».

Соңғы жаңалықтар