Ақбота: Мен әке дегенді білмей өстім, сондықтан қайын атаммен тез тіл табыстым - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақбота: Мен әке дегенді білмей өстім, сондықтан қайын атаммен тез тіл табыстым

Ақбота: Мен әке дегенді білмей өстім, сондықтан қайын атаммен тез тіл табыстым

Дәурен мен Ақботаның той жыры. Ақ көйлек киіп той жасамаса да, оң босағадан ұзатылып шықпаса да Ақбота бүгінде бақытты. Қайын жұртымен де тату.

  • 28 Қазан 2019
  • 81
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы stan.kz Астана арнасының "Той жыры" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Дәурен отбасын құрмай тұрып, жарына алдымен енесімен жақсы тіл табысуды сұраған екен. Бүгінде ене мен келіннің қатынасы өте жақсы дейді өзі. 

"Мен қайын жұртымды жақсы көрем. Атаммен де, енеммен де қатынасым жақсы. Атам менің әзілімді де, еркелігімді де түсінеді. Мен ата-анамнан ерте айырылғандықтан бұл отбасы маған жаңа кітап парағы секілді болды. Қайын жұртымды жақсы көрем. Дәурен мен үшін жан жолдасым, ағам, кейде әкем  секілді жақсы көрем", — дейді ол. 

Бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған отбасы өнер жолына бірге қадам басты. Ибраһим деп ұлына әкесі ат қойған. Ал, Аиша есімін қызына Ақбота қойыпты. 


"Бұрын қазақ эстрадасын, әндерін көп білмейтінмін. Ақботамен танысқалы қазақ эстрадасының небір талантты жандарымен танысып жатырмын. Көзқарасым өзгере бастады", — дейді ол. 

Актердің көзқарасы өзгергені ғана емес, қазақ тілінде де жақсы сөйлейтінін байқалады. 

Жұлдызды жұп болашақта бір той жасауды жоспарлап отыр. Алайда нақты күні белгісіз. Бұл әлі толық шешілмеген мәселе. Дегенмен тойдың ауылы алыс емес.