Семейлік оқушылар «домбыра ойнайтын» робот ойлап тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейлік оқушылар «домбыра ойнайтын» робот ойлап тапты

Семейлік оқушылар «домбыра ойнайтын» робот ойлап тапты

Семейдегі Назарбаев зияткерлік мектебінің информатика пәні мұғалімі Бақытбек Орынбаев пен оның шәкірттері Мирас Мұратқанов және Нұрбол Мақтаев домбырада ойнай алатын робот құрастырды.

  • 10 Қараша 2019
  • 31
Фото - Caravan.kz

Өнертапқыштар бұл еңбектерін ұлы Абайдың 175 жылдығына арнап отыр, деп хабарлайдыaltaynews.kz.

«Әр оқу жылы басталарда алдымызға мақсат қоямыз. Домбырада ойнайтын робот жасау идеясы біраз уақыт ойда жүрді. Жобаны жүзеге асырудың сәті биыл түсті. Алдымен роботты құрастырып, кейін оның пернені басатын, ішекті қағатын бөліктерін жеке-жеке жасадық», – дейді Бақытбек Нұрлыбекұлы.

Күйші роботты құрастырушылардың сөзіне қарағанда, мектепте бұған дейін де осыған ұқсас робот болған. Алайда, ол бір күйді орындаумен ғана шектелген екен. Ал жаңа роботтың домбырадағы барлық пернені еркін басып, ішекті қалауынша қаға білетін артықшылығы бар.


Робот күйді компьютерге енгізілген ноталар арқылы орындайды. Ол Абайдың «Торжорға», халық күйі «Қара жорға» мен халық әні «Еркем-айды» орындай алады. Ұстаз бен шәкірттер өз туындыларының кез келген шығарманы нота арқылы орындауға мүмкіндігі бар екеніне сенімді.