"Вибратор еркекпен табиғи болатын секстан артық ләззат беруі мүмкін": Хиджабтағы сексолог ашық сұхбат берді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Вибратор еркекпен табиғи болатын секстан артық ләззат беруі мүмкін": Хиджабтағы сексолог ашық сұхбат берді

"Вибратор еркекпен табиғи болатын секстан артық ләззат беруі мүмкін": Хиджабтағы сексолог ашық сұхбат берді

Хиджаб киген сексолог Анель Нұржаубаева жақында жеке Ютуб каналында қыздарға мастурбацияны қалай жасау керектігін көрсеткен болатын.

  • 4 Ақпан 2020
  • 12515
Фото - Caravan.kz

Осы тақырыпта  Caravan.kz медиа-порталының тілшісі Анель Нұржаубаевадан сұхбат алып, жабық тақырып төңірегінде тілдесіп көрді.

— Хиджаб киіп алып осы тақырыпта сөз қозғау сізге қиын болмады ма? Немесе ұялған жоқсыз ба?

— Мен өзім 2016 дан бастап осы салада жұмыс жасаймын. Тренермін. Көптеген осындай әңгімелерді төрт жылдан бері қозғап жүрмін. Көп әйелдер келеді хиджаб кигендер де, кимегендер де. Жалпы бұл мәселенің дінге қатысы жоқ. Күнделікті  қарым-қатынасқа, денсаулыққа керекті сұрақтарды қояды. Бұл жөнінде менің пікірім дұрыс.

— Қазақи менталитетке қайшы деп ойламайсыз ба?

— Мен оны дұрыс немесе бұрыс деп айтпаймын. Бұл біріншіден — білім. Сексуалды білім керек. Жыныстық қатынас жайлы сауатты ашу керек. Әсіресе біздің қоғамға. Бұны үйрету менің міндетім деп ойлаймын. Мен бұған ұялмаймын. Осы төрт жылдың ішінде көптеген әйелдер тіпті ер адамдарда білгісі келген сұрақтарын қояды. Орысша мұндай тақырыптар өте көп, әсіресе қазақша сөйлейтін осындай ашық тренингтер керек деп осы уақытқа дейін көптеген адамдар жазды.

— "Қой терісін жамылған қасқыр ғой, хиджаб киіп істеп жүрген тірлігін қара",- деген пікірлерге қандай жауап айтар едіңіз?

Хиджабтағы сексолог қазақ қыздарына маструбацияны қалай жасау керектігін көрсетті

— Адамдарда осындай ой қалыптасып кеткен. Хиджаб кисе,намаз оқыса болды періште болып көрінеді. Артық қимыл жасамауы керек деп. Мысалы: Хиджаб киген және кимеген екі қызды алып қарасақ, екеуінің айырмашылы жоқ. Екеуі де әйел адам, екеуінің күнделікті тіршілігі бір дегендей. Осы тақырып яғни Хиджаб тақырыбына келгенде осынша мән беретіндері маған қызық көрінеді. Мен өзім Малайзияда тұрғандықтан ол жақта барлығына бірдей қарайды. Әр адамның өзінің Алла алдындағы жауапкершілігі бар. Біреуге біреу қазір баға беретін заман емес және құқығы да жоқ,

— Мастурбацияны барлығы дерлік харам деп жатыр және оны жасау үлкен — күнә дейді. Бұған не айтасыз?!

— Жалпы бұл жерде екі пікір бар. Сол екі пікірге тоқталсақ Имам Қайрат Жолдыбайұлы: «Жалпы мастурбацияның діндегі үкімі харам. Әлі күйеуге шықпаған қыздығы сақталған жас қыздарға тіптен харам. Жас қыздардың күйеуге шықпай жатып өзін зерттеймін деп қолымен өздерін қоздыруы қаншалық моральға сәйкес?!. Өзін қоздырған жас қыздар шыдай алмай зинаға да баруы мүмкін. Қолымен немесе вибратормен бір рет ләззат алып үйренген қыз мастурбацияны әдетке айналдырады. Бұл дәлелденген факт. Батыстың сексологтарының айтқанының бәрі исламға сәйкес келе бермейді. Қолмен, әртүрлі вибраторлар арқылы қанағаттануға әдеттенген әйел күйеуді қажет етпейтін, тіпті табиғи жыныстық қатынасқа түскенді қаламайтын психологиялық ауруға, ауытқуға ұшырайды. Әртүрлі вибраторлар еркекпен табиғи болатын секстан артық ләззат беруі мүмкін. Соның нәтижесінде күйеуін керек қылмайтын жағдайға алып келеді. Сондықтан орамал тағып отырып мұндай харам істі насихаттап елді бұзуға болмайды. Зинаға түсу қаупі анық болған күйеусіз әйелдерге ғана әдет етпеу және қажеттілік мөлшерінде ғана қолмен мастурбация жасауға кейбір ғұламалар рұқсат еткен. Аштықтан өлу жағдайында шошқа етін азғантай мөлшерде жеуге рұқсат еткені секілді. Көпшілігі мұның өзіне қарсы шыққан. Жыныстық қатынастың сауаттылығын дін рұқсат еткен шеңберде ғана үйретуге болады.»- дейді.Сол себепті бұлай айтқан адамдар шамалы ізденсін дер едім.

Сұхбаттасқан Гүлнұр Серікбай
 
ЕСКЕРТУ:  Материалды көшіріп басу үшін редакцияның рұқсаты керек!