Компания өкілі Қытайдағы жағдай компанияның қызметіне кері әсерін тигізетінін айтты, деп хабарлайды Baq.kz сайты Reuters-ке сілтеме жасап.
Алайда бұл әсердің мөлшерін бағалауға әлі ерте. Қытай фирманың жетекші нарығы болды, — деді ол.
Өткен жылы Adidas сатылымы Азия аймағында екі есеге, ал Қытайда 16 пайызға артқан.
Коронавирусты індет Қытайда 2019 жылдың желтоқсанында пайда болды. Ақпан айының басында вирус жұқтырғандардың саны 20 мыңнан асып, 500-ге жуық адам қайтыс болды. Бұдан өзге жұқпалы індет тағы 24 елде анықталды. Мамандар вирустың өршуі пандемияға айналатынын жоққа шығармайды.