Астанада бүгін тағы бір көше жабылады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада бүгін тағы бір көше жабылады

Астанада бүгін тағы бір көше жабылады

«Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ Тұран даңғылынан Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде Қорғалжын тас жолына жөндеу жұмыстары жүргізілетіні туралы хабарлады.

  • 7 Маусым
  • 3
Фото - Caravan.kz

Бұл жұмыстар мердігер ұйымның қаражаты есебінен кепілдік міндеттемелер шеңберінде жүргізіледі. Осыған байланысты бүгін, 7 маусым күні жоғарыда аталған учаске ішінара жабылатын болады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы тараптардың бірі бойынша екі бағытта да жүзеге асырылатын болады

— Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз, — делінген хабарламада.

о
Фото: Астана әкімдігі