Жалғас Жұмағұлов қарсыласына есе жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жалғас Жұмағұлов қарсыласына есе жіберді

Жалғас Жұмағұлов қарсыласына есе жіберді

Қазақстандық ММА файтері Жалғас Жұмағұлов Братиславада (Словакия) өткен Oktagon 89 турнирінде жекпе-жек өткізді.

  • 7 Маусым
  • 3
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Турнирдің басты кездесуінде аса жеңіл салмақтағы чемпион Жұмағұлов жеңіл салмақ дәрежесіндегі титул иегері, бразилиялық Игор Севериномен (10-1) кездесті.

Бәсеке бес раундқа жоспарланған болатын, бірақ мерзімінен бұрын аяқталды. Екінші раундта Северино белден төмен тыйым салынған соққы жасап, соның салдарынан Жұмағұлов айқасты жалғастыра алмады. Қалпына келуге берілген бес минут аяқталған соң, төрешілер жекпе-жекті тоқтатып, оны өтпеді деп жариялау туралы шешім қабылдады.

Нәтижесінде Северино чемпиондық белбеуін сақтап қалды, ал Жұмағұлов OKTAGON тарихына ұйымның қос чемпионы ретінде ену мүмкіндігінен айырылды.