Қазақстанда коронавирус анықталды: Енді не болмақ? - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда коронавирус анықталды: Енді не болмақ?

Қазақстанда коронавирус анықталды: Енді не болмақ?

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов екі қазақстандық коронавирус жұқтыруына байланысты Алматы қаласында қандай жағдайда карантин енгізілетінін түсіндірді.

  • 13 Наурыз 2020
  • 60
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.

"Жергілікті жерде төтенше жағдай жариялау туралы шешімді атқарушы органдардың басшылары қабылдайды. Яғни, аймақ әкімдері шешім шығарады. Әрине, біз тығыз байланыста жұмыс істеп жатырмыз. Әзірге төтенше жағдай енгізудің қажеті жоқ деп ойлаймын", — деді Біртанов арнайы баспасөз мәслихатында.


Министрдің айтуынша, алдымен коронавирус анықталған екі адаммен байланыста болғандардың бәрін анықтау қажет. Одан кейін барлығы тиісті тексерістен өткізіледі.

"Егер тағы науқастар шығып жатса, төтенше жағдай енгізу шешімі қабылдануы мүмкін", — деп түйіндеді Біртанов.