Бұл туралы Ktk.kz хабарлайды.
Ақтөбеде бір адам оқ жарақатынан көз жұмды Ақтөбенің Хромтау ауданында оқ жарақатынан бір адам көз жұмып, біреуі ауруханаға жатқызылды. Алматымен арадағы 49 қаларалық автобус бағыты жұмысын тоқтатты Дәрігерлер коронавируспен күресуге көмектесетін тағамдарды айтты Ақтөбеде екі бала балконнан құлап кетті «17 наурыз күні сағат 03:10-да Хромтау аудандық орталық ауруханасына екі тұрғын оқ жарақатымен жеткізілді. Біреуі — 40 жастағы ер адам. Ол оқ жарақатынан аудандық ауруханада көз жұмды. Ал екіншісі хирургия бөліміне жеткізілді. Алдын ала тергеу барысында анықталғандай, Хромтау қаласы Әліпов көшесінде белгісіз біреу қару қолданып, жәбірленушілерді өлтіру мақсатында оқ атқан. Жедел іздестіру барысында полиция қызметкерлері Хромтау қаласының 24 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады», — деп хабарлады облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Oсы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды.