42500 теңгелік жәрдемақыны енді студенттер де ала алады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
42500 теңгелік жәрдемақыны енді студенттер де ала алады

42500 теңгелік жәрдемақыны енді студенттер де ала алады

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов студенттер қандай жағдайда 42 500 теңгелік жәрдемақыға өтініш бере алатынын айтып кетті.

  • 13 Сәуiр 2020
  • 93
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Студенттер — кәмелетке толған еліміздің азаматтары. Елімізде 16 жастан бастап жұмыс істеуге рұқсат берілген. Көптеген студенттер сабақтан тыс уақытта жұмыс істейді, әсіресе, мейрамханаларда, сауда орталықтарында қызмет жасайды. Төтенше жағдайға байланысты олар да табысына айырылып жатыр. Сол себепті олар да 42 500 теңгеге өтінім жасай алады. Студенттің шәкіртақы алуына тексеріс жасамаймыз. Оларға жеке-дара ережелер қарастырылмаған. Сондықтан қазақстандықтардың барлығына бірдей талаптар қойылады. Егер сіздің атыңызға бірыңғай жиынтық төлем аударылса немес өзіңіз төлесеңіз, сізге де  жәрдемақы тағайындалады", — деді Нұрымбетов.

Сондай-ақ ол бұл жағдайдың декреттегі әйелдерге де қатысы бар екендігін атап өтті. Сөзінше, егер баласы бір жастан асқан аналар қызмет жасаған мекеме белгісіз себептерге байланысты өтініш жасамаса, онда азаматшаның өзі жәрдемақыға өтінім жібергені дұрыс.