Елордадағы "Абу-Даби Плазада" жұмыс тоқтады: Бір қызметкерден коронавирус табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордадағы "Абу-Даби Плазада" жұмыс тоқтады: Бір қызметкерден коронавирус табылды

Елордадағы "Абу-Даби Плазада" жұмыс тоқтады: Бір қызметкерден коронавирус табылды

Нұр-Сұлтанда екі кәсіпорнында қызметкерлердің коронавирус жұқтырғаны анықталды, осыған байланысты мекемелерде мұқият дезинфекция жүргізіледі.

  • 15 Сәуiр 2020
  • 80
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Астана Энергия" АҚ қызметкері мен "Абу-Даби Плаза" қызметкерінде коронавирус расталды", — деді қала әкімдігінде.

Белгілі болғандай, "Абу-Даби Плазаның" коронавирус жұқтырған қызметкері жарты айдан астам уақыт жұмыста болмаған, сондықтан да әріптестерімен байланыспаған. Жақын қарым-қатынас шеңберінде болған екі адам (ұйым қызметкерлері емес) анықталды. Олардың бірі стационарда, екіншісі — үй карантинінде.

Дегенмен, қызметкердің әріптестерімен байланысқа түспегеніне және жұмыс орнында болмағанына қарамастан, жұмысты уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ аумақты дезинфекциялау жүргізілді. Жақын арада жұмыс қайта басталады.

Айта кетейік, "Астана Энергия" АҚ-да әскери қызметшілермен бірге аумақ пен үй-жайларға дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Жақын байланыста болған 11 адам (тоғызы — қызметкер) — үй карантинінде. Науқастың өзі ауруханада, дәрігерлердің бақылауында. Бұл ретте кәсіпорынның жұмысы қауіп-қатердің жоқтығына байланысты жалғасып жатыр.