"Қалай ғана сияды денең көрге": Белгілі ақын Бейсен Құранбекке өлең арнады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қалай ғана сияды денең көрге": Белгілі ақын Бейсен Құранбекке өлең арнады

"Қалай ғана сияды денең көрге": Белгілі ақын Бейсен Құранбекке өлең арнады

Белгілі ақын Ұларбек Дәлейұлы бүгін өмірден өткен танымал журналист Бейсен Құранбектің рухына арнап өлең жазды.

  • 18 Мамыр 2020
  • 164
Фото - Caravan.kz

ҚАЗАНАМА

Жоқ!..
Жазбаймын, Сіз жайлы жаман хабар,
Жазсам жайрап жаралы далаң қалар!
Аруанадай аңырап анаң қалар,
Қарс айырылып менің ұлттық санам қалар!
Жоқ!..
Жазбаймын, Сіз жайлы жаман хабар,

Сенбеймін!
«Сізді өлді» дегендерге,
Қауесетке, жоқтауға, өлеңдерге.
Қайғысындай қазақтың –
Қайран тұлғаң,
Қалай ғана сияды денең көрге?

Достым:
«Ол енді жоқ» деп айта көрме,
Терең бір ағыстар да қайтады өрге.
Бар-дағы басын сүйе Алашыңның,
Бар-дағы «Жылама!» де байтақ елге.

Жоқ!..


Жазбаймын, Ол жайлы хабар жаман,
Күннің жүзін қарашы талаураған!
Қасиеті ол – Қазақтың тоналмаған,
Зұлпыхарың еді ол – жоғалмаған!

Арасынан кіл дана, даралардың,
Мен оны Мәңгілікке санағанмын.
ЖЕРден ұзақ бір жерге бара тұрам,
Қазасы ескіргенше Нар ағамның!..