«Ол саналы ғұмырын отандық телевизияның дамуына арнады. Өз ісінің кәсіпқой маманы ретінде ұлттық ақпарат саласының дамуына елеулі үлес қосып, туған еліне адал қызмет етудің жарқын үлгісіне айналды. Талай тың әлеуметтік бағдарламалардың дүниеге келуіне септігін тигізді.
Оның өнегелі өмірі мен жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталады деп сенемін», — делінген жеделхатта.