Илон Макск миға қондырылатын чиптің пайдасын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.63
  • 583.22
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Илон Макск миға қондырылатын чиптің пайдасын айтты

Илон Макск миға қондырылатын чиптің пайдасын айтты

Америкалық кәсіпкер Илон Маск Neuralink компаниясының ми имплантаты туралы мәліметтерді жария етті.

  • 21 Шiлде 2020
  • 40
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

SpaceX негізін қалаушысының айтуынша, чиптелген адамдар миға тікелей бағытталатын музыканы тыңдай алады. Маск ми чипі гормондардың деңгейін бақылауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Мысалы, пайдаланушы уайым-қайғыны бір мезетте алып тастап, ойлануға ден қоя алады-мыс.

Еске салайық, Neuralink адам миына имплантацияланатын құрылғыларды дамытады. Мамыр айында Маск мидың зақымдануы, есту немесе аяқ-қолдың қозғалысынан айырылған адамдарға сол қабілеттерін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін имплант әзірлеу жыл соңына дейін аяқталады деп мәлімдеген. Чип мидың астына орналастырады және электродтар арқылы миға қосылады деп болжанып отыр.