Семейде балалар үйінің тәрбиеленушісі қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде балалар үйінің тәрбиеленушісі қайтыс болды

Семейде балалар үйінің тәрбиеленушісі қайтыс болды

Семей қаласының Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатында бала қайтыс болды.

  • 20 Тамыз 2020
  • 28
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Instagram парақшасында жазылды.

«Облыстық білім басқармасының ақпараты бойынша, 17 тамызда Семей қаласының «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат« КММ тәрбиеленушісі қайтыс болды. Өлімінің алдын ала көрсетілген себебі – бас миының ісінуі.⠀

Аймақ басшысы Даниал Ахметовтің тапсырмасы бойынша мәселені егжей-тегжейлі тексеру үшін арнайы комиссия құрылды. Оны ШҚО әкімінің орынбасары Әлішер Мархабат басқарады. Жұмыс тобының құрамына қадағалау және құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау басқармасы, ТКҚСҚБД, сондай-ақ қоғам өкілдері кірді. Әр баланың өлімі — қайғылы жағдай. Сондықтан әр жағдайды толыққанды зерделеп, зерттеу қажет. Айта кету керек, аталған мәселе облыс әкімінің жеке бақылауында», — делінген әкімдіктің Instagram парақшасында.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Akimat VKO (@akimatvko) on