ЕЭК: одақ аясында сүт өнімін таңбалау өндіріске де, тұтынушыға да көмек болады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕЭК: одақ аясында сүт өнімін таңбалау өндіріске де, тұтынушыға да көмек болады

ЕЭК: одақ аясында сүт өнімін таңбалау өндіріске де, тұтынушыға да көмек болады

Бақылаудың жаңа түрі тауарларды заңсыз сатудың жолын кеседі, деді Еуразиялық экономикалық комиссия өкілдері.

  • 10 Қыркүйек 2020
  • 18
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

 Ресей 2021 жылдың қаңтар айынан бастап сүт өнімдерін таңбалауды енгізуге ниет танытып отыр. Пікірталас тудыратын мәселе Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысында жан-жақты талқыланады. Бұл туралы ЕЭК алқа төрағасының көмекшісі Ия Малкина айтты.

"Біз Еуразиялық экономикалық одақ аясында тауарларды таңбалау жөніндегі келісім жасалғанын ескеріп отырмыз. Одаққа мүше-елдер өз аумағында бұл жаңашылдықты енгізу датасын өздері белгілейді. Комиссияны ескертуі тиіс", — деді Малкина.

Оның айтуынша, одаққа мүше әрбір елде таңбаланбаған өнімді сатуға тыйым салудың кезеңдері нақты айқындалуы маңызды. Бұл мемлекеттер нарығын таңбалауды енгізуге дайындайды.


"Мұндай бақылаудың оң тұсы — тұтынушылар құқығын қорғау және нарықтағы заңсыз айналымды азайту", — деді Малкина.

Бұған қоса, өнімді таңбалау бәсекеге қабілеттілікті арттырады.

Айта кетсек, қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық одақ құрамына Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей енеді. Молдова одақ жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие.