Бұл туралы Ресейдің иммунологтар ғылыми қоғамының президенті Валерий Черешнев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ғалымның айтуынша, COVID-19 жұқтырған 50 пациенттің тек біреуі гелий-оттегі қоспасы ингаляциясынан кейін өкпені жасанды желдетуді қажет етті.
"Жүйе Комидегі республикалық аурухананың базасында сынақтан өтті. Бізде 50 адам болды. 50-дің барлығы тірі қалды, олар ауыр дәрежедегі науқастар болды. Тек біреуі өкпені жасанды желдету аппаратына ауыстырылды… Сыктывкардағы республикалық ауруханада тәжірибе оң (нәтиже) берді, қазір өндіріп жатыр", — деді Валерий Черешнев.
Ресей Ғылым академиясы Орал филиалының иммунология және физиология институтының ғылыми жетекшісі өкпені жасанды желдету ағзаға өте ауыр жүктеме екенін атап өтті. COVID-19 кезінде пневмонияның дамуы аясында, тыныс алу беті күрт төмендегенде, 90-95 градусқа дейін қыздырылған гелий-оттегі қоспасы жасанды желдетуден едәуір асып түседі.
Оның айтуынша, микробиологтар бастапқыда осындай ингаляцияға арналған қондырғыларды жетілдіріп, дем жұту мен дем шығару үшін бөлек жүйелер жасауға шешім қабылдады.